Өзбек футболшысы Нұралы Әліпті ығыстыруы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

"Зенит" қыста "Бунедкор" футбол клубының қорғаушысы Әзиз Түлкінбековты қатарға қосуды жоспарлайды. 

Өзбек футболшысы Нұралы Әліпті ығыстыруы мүмкін
ulyssport.kz

17 жастағы дарынды футболшыға "Зенит", ЦСКА, "Спартак" қызығушылық танытып жатыр деп хабарлады инсайдер Иван Карпов өз телеграм-арнасында. 

"Расында аталған клубтардан қызығушылық бар. Дегенмен әзірге Түлкібеков бойынша қандайда ресми ұсыныстар түскен жоқ", —деп мәлімдеді "Бунедкор" ФК баспасөз қызметі. 

Түлкінбеков биыл 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында сарапшылардың таңданысын тудырған. Сол кезде Өзбекстан құрамасы Испаниямен тең түсіп, плей-оффта Англияны жарыс жолынан тайдырған. Ал ширек финалда Францияға минималды есеппен жеңілді. 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір