Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Соңғы уақытта "Реал" қорғаныс шебінде үнемі кадрлық проблемаларға тап болуда. Transfer News Live мәлімдегендей, 2024/2025 маусым аяқталысымен мадридтік суперклуб жұлдызды екі ойыншыны сатуға қояды. Әңгіме Давид Алаба және Эдер Милитао жайлы.
"Реалда" Алаба мен Милитаоның денсаулығына алаңдаулы. Бразилиялық қорғаушы қараша айында айқас байламдарын жарып алған. Былтыр дәл осындай жарақат алып, маусым бойы алаңға шыққан жоқ еді. Ал австриялық болса тізе жарақатымен бір жыл бойы емделді. Милитаоның қазіргі келісімшарты 2028 жылдың ортасына дейін әрекет етсе, Алаба 2026 жылдың ортасында еркін агент атанады.