ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасына оралуға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Магомед Адиев "Спорт Экспресс" басылымына сұхбат берді.

Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасына оралуға қатысты мәлімдеме жасады
rsport.ria.ru

ҚФФ-ға жаңа басшы келгелі Станислав Черчесовтың отставкасы туралы БАҚ-та жиі жазыла бастады. Ресейлік маман кетсе, Адиев өзінің оралуы жайында мынадай пікір білдірді. 

"Менімен ешкім байланысқан жоқ. Федерацияда жаңа басшылық жұмыс істеп жатыр. Олардың қазіргі басты міндеті – ұйымдастыру мәселесі. Есесіне командада келісімшарты бар бас бапкер жұмыс істеп жатыр. Ол кетпей жатып басқа мамандармен келіссөздер жүргізу дұрыс болмас еді", – деді Адиев. 

Қазақстан футбол федерациясы 24 желтоқсанда Черчесовтың қызметінен кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.