Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
"Хан-Тәңірі" командасының жаттықтырушылары мен ойыншылары бірнеше ай бойы жалақы ала алмай жүр.
Командаға қыркүйек және қазан айлары еңбекақы және бірінші лигада матчтардағы жеңіс үшін сыйақылар төленбеген.
Одан қалды клуб футболшылармен келісімшартқа қосымша келісімдер жасап, бірақ маңызды қағазды ойыншылардың қолына тапсырмаған.
"Хан-Тәңірі" басшылығы тек қыркүйек айы үшін жалақы берілетінін мәлімдеді.
Жеке меншік футбол клубы келер маусымда да бірінші лигада өнер көрсетеді.
"Хан-Тәңірі" өткен маусымды бесінші орынмен аяқтады. Командада Марат Шахметов, Жақып Қожамберды, Ермек Қуантаев, Ілияс Әмірсейітов және Дінмұхамед Қашкен сияқты Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншылары доп тепті.