Қазақстанда үш мәрте үздік болған ойыншы чемпионаттан кетті

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы, ал қазір қақпашыларды жаттықтыратын Олег Воскобойников "Тұран" ФК бапкерлер штабынан кетті.

Қазақстанда үш мәрте үздік болған ойыншы чемпионаттан кетті
meta-ratings.kz

Түркістандық командада кадрлық ауыс-түйіс болады. Ринат Алүетовтың орнына белоруссиялық жаңа бас бапкер Александр Седнев келеді деп жоспарланған.

Олег Воскобойников (лақап аты – Бартез) ойыншы мансабында “Ордабасы”, “Тараз”, “Ақтөбе”, “Атырау”, “Қайсар” және “Жеңіс” намысын қорғаған. 1996-1998 жылдары қатарынан үш рет Қазақстанның үздік ойыншысы атанды.  

Мансабын аяқтағаннан кейін “Ордабасы”, “Қайрат”, “Тараз”, “Астана” және аталған “Тұран” клубтарында қақпашыларды жаттықтырды.