"Атырау" жаңа бас бапкер тағайындады
"Атырау" футбол клубы ресми түрде команданы 48 жастағы Константин Горовенко жаттықтыратынын мәлімдеді.
qfl.kz
Қазақстандық маман кезінде “Қайрат-Жастар”, “Жетісу”, “Шахтер”, “Мақтаарал” және “Каспий”, сонымен бірге Қазақстан жастар және ұлттық құрамасында еңбек етті. Горовенконың “Атырау” тізгінін ұстауы алғаш емес. Ол “мұнайшыларды” 2021-2022 жылдар аралығында жаттықтырған. 43 жастағы Денис Мамонов оның көмекшісі болады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet