Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бауыржан Исламхан жарақат алып операция жасатты

Сарапшы, спорт журналисі
10.01.2025, 15:01

Футболдан ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жарақатына байланысты маңызды матчтардан тыс қалудың алдында тұр. 

Бауыржан Исламхан жарақат алып операция жасатты
kff.kz

31 жастағы футболшы жарақат алып қалуына байланысты операция жасатты. Осының салдарынан Бауыржан Исламхан Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына қатыспауы мүмкін. 

Қазақстан іріктеу турнирінде бір топта Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен бақ сынайды.

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің матчтары наурызда басталып, қарашаға дейін жалғасады. Әр топта жеңімпаз атанған құрамалар әлем чемпионатына тікелей өтеді. Сонымен қатар екінші орын иегерлері тағы 4 жолдама сарапқа салынатын плей-офф кезеңінде шеберілк байқасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір