Бельгия чемпионатындағы команда қазақстандық футболшыға көз тікті
18 жастағы шабуылшы Рауль Аллахвердиев бельгиялық "Гентте" медициналық тексеруден өтеді.
kazfootball.kz
Ойыншы астаналық “Жеңіспен” оқу-жаттығу жиынына аттанып, кейін Бельгияға ұшып кетеді. Сонда "Гент" U-21 құрамында медициналық тексеруден өтеді, деп жазады Тотальный футбол KZ,
Аллахвердиев 15 жасында “Жетісу” сапында кәсіби футболда дебют жасаған.
Рауль Transfermarkt порталында 2023 жылы 45-орынмен өз жасындағы ең қымбат ТОП-50 ойыншы тізіміне енгізілді. Оның бағасы 175 мың еуро болды. Бұл осы жас ерекшелігіндегі қазақстандық футболшылар арасындағы ең үздік көрсеткіш.
Шабуылшы былтырғы маусымды “Оқжетпесте” өткізді. Бірінші лигадағы 9 матчта үш гол соқты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet