Экс-депутаттың ұлы "Елімаймен" Түркияға аттанды
Абай облысының бұрынғы мәслихат депутаты Серік Байғалиевтің ұлы Асан Байғалиев "Елімаймен" Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.
Былтыр 17 жастағы жартылай қорғаушы семейліктермен келісімшартқа қол қойған. Команданың жастар құрамында Асанның егізі Әлижан да ойнайды.
Асан Байғалиев Антальядағы оқу-жаттығу жиындарына шақыртылған 20 футболшының қатарына енді.
Серік Байғалиев ұлдарымен түскен суреттерін жиі жариялап тұрады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.