Еуропалық клубтар қазақ футболшыға көз тігіп отыр
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек жақын арада басқа клубқа ауысуды қарастырып жатыр.
Runasport
22 жастағы вингерге еуропалық екі клуб қызығушылық білдіріп отыр: біреуі испаниялық Сегундадан (екінші дивизион), екіншісі Словакия чемпионатының жоғары дивизионындағы команда.
Қазір тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. Футболшының өзі Испанияға барғысы келеді, бірақ Словакиядағы “Кошице” клубынан ұсыныс нақтырақ болып тұр.
Еске сала кетсек, “Қайрат” футбол мектебінің түлегі Ғалымжан Кенжебек былтыр тамыз айынан бері кипрлық “Акритас Хлоракас” клбуында өнер көрсетеді. Былтыр шабуылшы Австрияға қарсы Қазақстан құармасында дебют жасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet