ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Бахтиёр Зайнутдинов жаңа бапкермен Еуропа Лигасында сенсация жасады (ВИДЕО)

Түркиялық "Бешікташ" Ыстамбұлда Еуропа лигасының жетінші турында жаңа бас бапкер Уле-Гуннар Сульшердің жетекшілігімен испаниялық "Атлетикті" қабылдады.

Букмекерлер мен сарапшылар испаниялық команданы айқын фаворит деп есептегенімен, ыстамбұлдық ұжым 4:1 есебімен жеңіске жетті. "Бешікташ" сапында Милот Рашица (17-ші және 60-шы минуттар), Рафа Силва (77-ші) және Жоау Мариу (90+2, пенальтиден) мергендік танытты. Ал қонақтардан Унаи Гомес (45-ші) нәтижелі соққы жасады. "Бешікташтың" қазақстандық ойыншысы Бахтиёр Зайнутдинов кездесуді қосалқы құрамда бастап, алаңға 69-шы минутта шықты.

Дәл қазір "Бешікташ" тоғыз ұпай жинап Еуропа лигасының негізгі кезеңіндегі турнир кестесінде 28-орыннан 18-орынға көтерілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?