Саудиялық клуб "Реал" шабуылшысы үшін €350 млн шығындалуға дайын

Сарапшы, спорт журналисі

Винисиустің "Реалмен" арадағы келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды. 

Саудиялық клуб "Реал" шабуылшысы үшін €350 млн шығындалуға дайын
matchtv.ru

Сауд Арабиясының "Әл-Ахли" клубы мадридтік "Реалда" өнер көрсететін бразилиялық вингер Винисиус Жуниорды өз сапына қосуды көздейді. Футболшыны сатып алу үшін 296 миллион фунт стерлингке (шамамен 350 миллион еуро) шығындалуға дайын екен. 

Give me Sport ақпары бойынша "Әл-Ахли" басшылығы бразилиялық ойыншыны басты трансферлік мақсат ретінде белгілеп отыр. Маусым соңында оны өз қатарына қосуды көздейді. 

Естеріңізге сала кетейік, Винисиус "Реалға" 2018 жылдың жазында ауысқан еді. Оның клубпен арадағы келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір