ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Испаниядағы хет-трик. Қазақстандық жас футболшы матч жұлдызы атанды

 

Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов испаниялық "Менсахеро" футбол клубы сапында үш гол соқты. 

Испаниядағы хет-трик. Қазақстандық жас футболшы матч жұлдызы атанды
vesti.kz

21 жастағы Анкудинов Испания корольдігі футбол федерациясының (Испаниядағы футбол лигалары жүйесі арасында бесінші маңызға ие) үшінші дивизиондағы “12” топтың 19-турында “Бусанада” командасының қақпасын үш мәрте бағындырды. Қазақстандық шабуылшы бірінші таймда-ақ хет-трикпен ерекшеленді. Матч 4:1 есебімен “Менсахероның” жеңісімен аяқталды. 

“Менсахеро” 17 ойыннан кейін 30 ұпай жинап турнир кестесінде жетінші орында келеді. Ал “Бусанаданың” еншісінде 18 ұпай. Олар 15-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.