Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

QFL ҚФФ-ға қарсы шықты

Редактор Penalty.kz
31.01.2025, 14:53

Астанада Qazaqstan Football League (QFL) клубтары басшыларының қатысуымен онлайн-конференция өтті.

QFL ҚФФ-ға қарсы шықты
фото ашық дереккөздерден алынды

“Qazaqstan Football League (QFL) құрамына кіретін Қазақстанның барлық кәсіби футбол лигаларынан 28 құрылтайшы клуб қатысқан онлайн-конференция барысында жарыстарды ұйымдастыру құқығына қатысты мәселе қаралды.

Конференция барысында клубтарының басшылары барлық мүдделі тараптардың пікірін ескерместен, қысқа мерзім ішінде қолданыстағы жүйені өзгертуге болмайтынын және мұндай шешімдер маусым басталғанға дейін алдын ала конструктивті диалог негізінде қабылдануы керектігін мәлімдеді.

Бұл бастама конференцияның басқа қатысушылары тарапынан қолдау тауып, ҚФФ-ның біржақты шешіміне қарсы негізгі дәлел ретінде қабылданды.

Сонымен қатар, QFL президенті Ерлан Жамантаев Лиганың барлық құрылтайшы клубтарының мүдделерін ескере отырып, келісімшарттық міндеттемелердің ашық орындалуына аса назар аударды.

Сондай-ақ, Лига мен ҚФФ-ның демеушілік және жарнамалық келісімдерден түсетін табыстарындағы клубтардың үлесін арттыру қажеттілігі атап өтілді. Бұл өз кезегінде өтінімдік жарналардың біртіндеп төмендеуіне және клубтардың қаржылық жүктемесінің азаюына алып келеді.

Конференцияға қатысушылар QFL-дың қазақстандық және халықаралық серіктестермен жасалған барлық келісімшарттық міндеттемелерінің қатаң сақталуы қажеттігін ерекше атап өтті.

Сонымен бірге, ҚФФ-ның асығыс қабылдаған бастамасы Лиганың беделіне зор нұқсан келтіріп, FIFA, UEFA және European Leagues сияқты халықаралық футбол ұйымдарының сынына ұшырауы мүмкін екендігі ескертілді”, - делінген хабарламада.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір