Георгий Жуков еуропалық клубқа ауысты

Сарапшы, спорт журналисі

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Георгий Жуков Польша чемпионатына оралды. 

Георгий Жуков еуропалық клубқа ауысты
kazfootball.kz

30 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы “Пуща” командасымен 2026 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырды. Дәл қазір “Пуща” Польшаның жоғарғы дивизионында (Экстракласса) 18 команданың ішінде 15-орында келеді. 

Жуков бұның алдында қытайлық “Цанчжоу Майти Лайонс” намысын қорғаған. Қытай Суперлигасының өткен маусымында 23 матчқа қатысып, бір гол және бір нәтижелі паспен ерекшеленді. 

Георгий Жуков Польша чемпионатында 2020-2022 жылдары краковтың “Висла” қатарында өнер көрсеткен.  

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір