ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

"Қайсардан" кеткен легионерлерге ҚПЛ клубы құда түсті

"Қайсардың" бұрынғы ойыншылары Руслан Юденков, Василий Совпель, Горан Милойко және Йован Пайович түркістанның "Тұран" сапына оқу-жаттығу жиындарында қосылды. 

"Қайсардан" кеткен легионерлерге ҚПЛ клубы құда түсті
sports24.kz

Түркістандық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша легионерлер Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде қаралымнан өтеді.

Василий Совпель биылғы маусымда "Қайсар" қатарында барлық турнирде 23 матчқа қатысты.Төрт рет гол соғып, екі мәрте нәтижелі пас берді.

Ал Юденковтың еншісінде 24 матч бар. Ол клубтастарына екі рет голға әкелген пас берді.

Йован Пайович қызылордалық клубқа былтыр қыста келіп алаңға 20 матчта шықты. Горан Милойко екі маусым ішінде 43 ойын өткізіп, 5 голдың авторы атанды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда: