"Реал" жазда Вильям Салибаны қатарға қоспақ
Себебі ол Алаба мен Рюдигердің болашақ мұрагері ретінде қарастырылып отыр.
Франция құрамасының негізгі қорғаушыларының бірі, "Арсенал" ойыншысы Вильям Салиба алдағы жазда клуб ауыстыруы мүмкін.
RMC Sport мәліметінше, "Реал Мадрид" оны футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушы ретінде қатарына қосуды жоспарлап отыр.
Трансфер тек Салиба "Арсеналдан" кетемін деп шешім қабылдаса ғана жүзеге асады.
"Реал" тәжірибелі қорғаушыны Алаба мен Рюдигердің болашақ мұрагері ретінде қарастыруда.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.