Қазақстандық миллиардердің клубы Англия кубогында ойнады

Сарапшы, спорт журналисі

"Престон Норт Энд" футбол клубы Англия кубогында "Уиком Уондерерсті" пенальти сериясында жеңіп келесі кезеңге шықты.

Қазақстандық миллиардердің клубы Англия кубогында ойнады
pnefc.net

Турнирдің төртінші кезеңіндегі кездесудің негізгі және қосымша уақытында есеп ашылған жоқ. Пенальти сериясында "Престон Норт Энд" ойыншылары төрт соққыны дәл орындаса, қарсыластары тек екі рет нәтижелі болды.

Осылайша "Престон Норт Энд" Англия кубогындағы жарыс жолын жалғастырады, ал "Уиком Уондерерс" турнирден шығып қалды.

Айта кетейік, "Уиком Уондерерстің" иесі – қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе. Ол 2024 жылдың мамыр айында клубтың бақылау пакетін сатып алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір