Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Реал" Ла Лигадан кететінін мәлімдеді

Редактор Penalty.kz
18.02.2025, 07:00

Мадридтің "Реалы" Испанияның жоғарғы футбол чемпионаты Ла Лигадан кетуге ниетті екенін жариялады. Бұған клубтың төрешілер шешімдеріне деген наразылығы себеп болды.

fondoruso.ru
fondoruso.ru

Қазір “корольдік клубә турнир кестесінде бірінші орында және чемпиондыққа жақын тұр. Дегенмен клуб басшылығы Ла Лига президенті Хавьер Тебаспен және судьялар корпусының жұмысына қанағаттанбай отыр.

Қайшылықтар неден туындады?

  • “Реал” соңғы матчтардағы даулы төрешілік шешімдерге наразылық білдірді.

  • “Эспаньол” ойыншысы Карлос Ромероның Килиан Мбаппеге жасаған дөрекі фолы үшін қызыл карточка алмауы клубтың ашуын тудырды. Бұл матчта “Реал” 0:1 есебімен жеңілді, ал шешуші голды сол Ромеро соқты.

  • Джуд Беллингемнің “Осасунаға” қарсы матчта алаңнан қуылуы да клубтың наразылығын күшейтті. Бас бапкер Карло Анчелотти бұл жағдайды VAR “сөндірілген” тәрізді болды деп, ирониямен түсіндірді. Ағылшындық жартылай қорғаушыға 12 матчтық дисквалификация қаупі төніп тұр.

championat.com.ua

“Реал” қай лигаға ауысуы мүмкін?

The Sun мәліметінше, “Реал” басқа чемпионаттарға ауысу жолдарын қарастырып жатыр. Клуб басшылығы Тебас басқа командаларды “Реалға” қарсы қойды деп есептейді.

Бірақ бұл қадамды жүзеге асыру үшін:

  1. Клуб президенті Флорентино Перес алдымен ФИФА-ның мақұлдауын алуы тиіс.

  2. Ла Лига мен УЕФА-дан ресми рұқсат алу қажет.

Клубтың Франция, Германия және Италия чемпионаттарына ауысу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бірақ Англия Премьер-Лигасына (АПЛ) ауысу ықтималдығы төмен, себебі клуб бұған дейін бұл нұсқаны зерттеп, бірақ жүзеге асыра алмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір