Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«МЮ-дың жағдайы мүшкіл». Клуб Чемпионшипке түсіп қалуы мүмкін

Редактор Penalty.kz
18.02.2025, 15:18

Қазір «Манчестер Юнайтед» өз тарихындағы ең сәтсіз маусымдарының бірін өткізіп жатыр.

news.sportbox.ru
news.sportbox.ru

Клуб тарихындағы ең нашар маусымдардың бірі

«Манчестер Юнайтед» өз тарихындағы ең сәтсіз маусымдарының бірін өткізіп жатыр. Манкуниандықтар 25 турда 12 рет жеңіліс, 1973/74 маусымынан бері клубтың антирекордын орнатты. Сол кезде «қызыл сойқандар» турнир кестесінде 21-орынға түсіп, Англия Премьер-лигасынан шығып қалған еді.

МЮ-дың шабуылдағы әлсіз тұстары

Қазіргі таңда команда АПЛ-де 28 гол ғана соқты. Осы көрсеткіш бойынша олар тек төрт клубтан ғана алда тұр. Ал доп айырмашылығы бойынша турнир кестесінде соңғы алтылыққа кіреді.

Жағдайды одан әрі қиындатып тұрған тағы бір факт – Рубен Аморим басшылығымен өткен 14 матчтың 8-інде команда жеңіліс тауып, тек 4 рет қана жеңіске жетті.

Сонымен қатар, «Манчестер Юнайтед» соңғы үш кездесуде қатарынан «Тоттенхэмге» есе жіберіп, 2022 жылдан бері қатарынан 6 ойында жеңіске жете алмай келеді.

Рио Фердинанд: «МЮ-дың жағдайы мүшкіл»

Клубтың бұрынғы аңыз ойыншысы Рио Фердинанд командаға алаңдаушылық білдірді. Ол манкуниандықтардың Чемпионшипке түсіп қалу қаупі бар екенін айтады.

«МЮ-дың қазіргі жағдайы өте қиын. Бізді тек “Вулверхэмптон” мен “Вест Хэм” зонадан бөле-жара тұр. Жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсінесіз бе?» – деді Фердинанд өзінің подкастында.

«Біреулер бізге АПЛ-де қалу үшін 11 ұпай қажет екенін айтады, ал мен алдағы ойындарға қарасам, тек “Лестерге” қарсы ойында ғана жеңіске жетуге мүмкіндік бар секілді. Басқа қарсыластардан ұпай алу қиынға соғады», деді «Манчестер Юнайтед» аңызы. 

Турнир кестесіндегі жағдай

Қазіргі таңда «Манчестер Юнайтед» 29 ұпаймен 15-орында тұр. Клуб Еурокубок аймағынан гөрі, АПЛ-дегі орнын сақтап қалу үшін күресііп әлек.

МЮ жанкүйерлері енді команда келесі турларда өз жағдайын жақсарта ала ма деген сұраққа жауап күтіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір