
Бүгін Чемпиондар лигасының соңғы екі маусымының жеңімпаздары плей-офф кезеңінің жауапты кездесуін өткізеді.
Алғашқы ойында мадридтік «Реал» «Манчестер Ситиден» 3:2 есебімен басым түсті. Жауапты матч Мадридте өтеді және осы кездесудің нәтижесінде қай команда келесі кезеңге өтетіні анықталады.
Бұл матчта «Манчестер Сити» сапынан өзбек футболшысы Абдукодир Хусанов негізгі құрамда алаңға шығуы мүмкін. Англиялық клубтың қорғаныс шебінде Рубен Диаш, Мануэль Аканджи және Натан Аке жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Сондықтан командаға енді ғана қосылған Хусановқа мүмкіндік берілуі ықтимал.
Алаң иелері сапында Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор және Джуд Беллингем сынды ойыншылар шабуыл шебінде өнер көрсетеді. Алайда, кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, «Манчестер Ситидің» басты жұлдызы Эрлинг Холанд жарақат алып, бұл матчқа қатыспай қалуы мүмкін.
Бұл керемет кездесу 19 ақпаннан 20 ақпанға қараған түні, Қазақстан уақытымен 00:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан, сондай-ақ арнаның ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
22:45 – «Боруссия» Дортмунд – «Спортинг»
00:50 – «Ювентус» – ПСВ
00:50 – «Манчестер Сити» – «Реал»
00:50 – «ПСЖ» – «Брест»
Айта кетейік, жаңа маусымнан бастап Чемпиондар лигасына 36 команда қатысуда (бұрын 32 команда болатын). Барлық клубтар ортақ турнир кестесіне топтастырылып, 8 матчтан өткізді.
Жалпы кезең қорытындысы бойынша 9-16 орын алған командалар (сеянды) 17-24 орын алған командалармен (сеянды емес) плей-офф кезеңінде ойнайды. Бұл раундтың алғашқы матчтары сеянды емес клубтардың алаңында, ал жауапты кездесулер сеянды командалардың алаңында өтеді.
Турнир кестесінде 1-8 орын алған командалар бірден Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды.