
Қазақстандық футболшы «Бешікташ» сапында толыққанды дайындыққа кірісті.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан толық жазылып, «Бешікташ» сапында жаттығуларын бастады. Бұл туралы Sport+ хабарлады.
X Haber Kartalı мәліметі бойынша, Зайнутдинов командалық жаттығуларға толық қосылды. Бұған дейін ол Испанияда оңалту курсынан өткен болатын.
Жергілікті мамандар сол кезде отандасымыздың ишиалгия диагнозы қойылғанын хабарлаған еді. Бұл – жамбас артқы бұлшықеттерінің керілуі немесе ұзақ отыру кезінде пайда болатын ауырсыну, әсіресе, жылдам жүгіру мен кең қадам жасау кезінде қиындық туғызады.
Ағымдағы маусымда Зайнутдинов «Бешікташ» құрамында 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АПЛ ойыншысы Бахтиёр Зайнутдиновке "Бешікташта" бәсекелес болатыны айтылған еді.