
"Зениттің" жаңа ойыншысы Саша Зделар командаға жақсы бейімделіп жатқанын айтты. Сонымен қатар сербиялық Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке жасаған өтініші жайлы бөлісті.
"Зенит" жұма күні сербиялық жартылай қорғаушы Саша Зделармен келісімшарт жасағанын ресми түрде жариялады. 29 жастағы футболшының клубпен жасаған келісімі 2025/26 маусымының соңына дейін жарамды. Оның "Матч ТВ"-ға берген шағын сұхбатын ұсынамыз.
— Сіздің қазіргі физикалық жағдайыңыз" Зениттің" басқа ойыншыларымен салыстырғанда қандай?
— Мен ЦСКА-мен толық дайындық кезеңінен өттім, жарақат болған жоқ, сондықтан жақсы формадамын. "Зенитте" өзімді тамаша сезінемін.
— Командаға келісімен Страхини Эракович пен Ваня Друкушич сізді қамқорлығына алды ма?
— Әрине, олар мені жылы қабылдады. Себебі біз бұрыннан таныспыз. Сондай-ақ, басқа ойыншылармен де тез тіл табыстым. Дегенмен қазірдің өзінде "Зенитке" толық бейімделдім деп айта аламын.
— Бірінші жаттығу алдында сіз Нуралы Әліптен «қош келдің» дәлізінде қатты соққы жасамауын сұрадыңыз. Ол өтінішіңізге құлақ асты ма?
— Жоқ, ол өте қатты соқты (күледі).