
Аргентиналық шабуылшы жыл қорытындысы бойынша 129 миллион еуроға қанағат етуге мәжбүр.
«Әл-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылы ең көп табыс тапқан спортшысы атанды. 40 жастағы футболшыға былтыр 248 миллион еуро көлемінде кіріс кірген. Бұл туралы Sky Sports хабарлады.
Екінші орынға баскетболшы Стефен Карри жайғасты. Жылдық табысы – 146 миллион еуро.
Португалиялық футболшы ағымдағы маусымда 28 матчта 24 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.