Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әли Әлиев: "Георгий Жуков – бізге керек ойыншы"

Сарапшы, спорт журналисі
27.02.2025, 09:58

Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы 30 жастағы жартылай қорғаушы Георгий Жуковты қайта шақыру мәселесін қарастыруда. 

Әли Әлиев: "Георгий Жуков – бізге керек ойыншы"
kazfootball.kz

Футболдан Қзақастан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев Жуковтың ұлттық командаға пайдасы тиетінін айтып, оның шақырылу мүмкіндігі туралы пікір білдірді:

"Марат Омаровтың өзі де Жуковты құрамаға қосу қажет болса, бұл мәселе қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар Давид Лория мен Руслан Балтиев те бұл жағдайдан хабардар. Жуков – тәжірибелі ойыншы, егер барлық құжаттық мәселелер реттелсе, оның құрамада ойнауы маңызды. Ол халықаралық деңгейде ойын өткізген футболшы, әрі бізге мұндай тәжірибелі спортшылар қажет. Мен оның құрамамызға пайдасы тиетініне күмәнім жоқ", – деді Әлиев" Футбол жолы" басылымына берген сұхбатында.

Әли Әлиев. Фото kpl.kz

Жуков соңғы рет Қазақстан құрамасына 2022 жылдың наурызында шақырылды. Ол кезде команда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдоваға қарсы ойнады. Қарымта кездесуде Жуков пенальти сериясында шешуші соққы жасап, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір