Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Өзбекстан Суперлигасы Қазақстан чемпионатынан озып кетті

Сарапшы, спорт журналисі
26.02.2025, 21:20

Ресейлік журналист Александр Троицкий өзінің Telegram-арнасында Қазақстан және Өзбекстан чемпионаттарына қатысты қызықты деректі бөлісті.

olympic.kz
olympic.kz

Өзбекстан клубтарының жалпы құны артып кетті

Transfermarkt деректеріне сүйенсек, тарихта алғаш рет Өзбекстан Суперлигасындағы клубтардың жиынтық нарықтық құны Қазақстан Премьер-лигасынан асып түсті. Және бұл айырмашылық айтарлықтай үлкен.

Бұған дейін Қазақстандық клубтардың жалпы құны өзбек клубтарынан 1,5 есе жоғары болған. Мысалы 2023 жылы Қазақстан клубтарының жалпы нарықтық бағасы 138,5 миллион еуро болса, Өзбекстан клубтарының құны 88,5 миллион еуро болды.

Қалай өзгерді?

Өткен маусымда бұл көрсеткіштер бір-біріне жақындаған еді: Қазақстан Премьер-лигасы – 76,69 миллион еуро, Өзбекстан Суперлигасы – 76,10 миллион еуро.

Бірақ қазір Өзбекстан Суперлигасы 25 миллион еуроға алға шықты.

ҚПЛ Фото: Азия футбола телеграм арнасы
UZSL фото: Азия футбола телеграм арнасы

Мұның себебі неде?

Журналистің пайымдауынша, бұл өзгеріске бірнеше фактор әсер етті:

  • Қазақстандық клубтардың құнсыздануы – мемлекеттік бюджет есебінен легионерлерге бөлінетін қаржы азайтылды.

  • Өзбекстан Суперлигасының екі жаңа клубпен кеңеюі – алайда олардың нарықтық құны 2,5-3 миллион еуродан аспайды.

Қазақ лигасы қайта қымбаттай ма?

Қазіргі трансферлік терезе 37 күнге дейін ашық. Көптеген клуб әлі толық құрам жасақтаған жоқ. Сондықтан Қазақстан Премьер-лигасының құны қайта өседі деп күтілуде. Бірақ 25 миллион еуролық айырмашылықты жою екіталай.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір