Қазақстан құрамасының шабуылшысы жаңа клубта таныстырылды
Қазақстандық шабуылшы Абылайхан Жұмабек Түркістанның "Тұран" клубына ресми түрде қосылды.
kff.kz
"Тұран" футбол клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабекпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді.
Абылайхан Жұмабек – Тараз футбол академиясының түлегі. Ол бұған дейін "Тараз", "Ақтөбе" және "Жетісу" командаларының намысын қорғаған.
Карьерасындағы негізгі статистика:
- 88 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген
- Қазақстан жастар құрамасында – 7 матч, 3 гол
- Ұлттық құрама сапында – 2 ойын
2023 жылғы маусымда "Тұран" Қазақстан Премьер-Лигасында 12-орынға тұрақтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet