40 жастағы Криштиану Роналду әлемдік рекорд орнатты (ВИДЕО)
"Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 24-турында "Әл-Шабабқа" қарсы өткен матчта кезекті голын соқты.
Роналду матчтың 45+7 минутында гол соғып, командасын 2:1 есебімен алға шығарды. Бұған дейін "Әл-Наср" сапында Айман Яхья (45+2 минут) гол авторы атанса, "Әл-Шабабтың" жалғыз голын Абдерразак Хамдалла (41-минут, пенальти) соқты.
Осы матчтағы гол Криштиану Роналдудың мансабындағы 926-шы голы болды. Бұл – әлемдік футбол тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Роналдудың ағымдағы маусымдағы статистикасы:
- 31 матч
- 26 гол
- 4 нәтижелі пас
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.