Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Зайнутдиновтың командасы жанкүйерлерді таңғалдырды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.03.2025, 11:13

Түркия чемпионатының 27-турында Ыстамбұлдың "Бешікташы" сенсациялық жеңіліске ұшырады. Өз алаңында ойнаған команда "Газиантепке" 1:2 есебімен жол берді. 

sondakika.com
sondakika.com

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты бұл кездесуге қатыса алмады.

Кездесудің алғашқы жартысы алаң иелерінің бақылауында болды. 31-минутта Чиро Иммобиле пенальтиден дәл соққы жасап, "Бешікташты" алға шығарды.

Алайда, екінші таймда "Газиантеп" қарқынын арттырды. 60-минутта Арда Кызылдаг есепті теңестірді.

Қысым артқанымен, «Бешікташ» жеңілістен құтыла алмады

77-минутта қонақтар сапындағы қорғаушы Бруно Виана алаңнан қуылған соң, "Бешікташ" басымдыққа ие болды. Дегенмен "Газиантеп" аз ойыншымен де соңына дейін күресіп, күтпеген жеңіске жетті. 87-минутта Фуркан Соялп жеңіс голын соғып кетті

Бұл жеңілістен кейін "Бешікташ" 44 ұпаймен Түркия чемпионатының 4-орнында қалды. Ал, "Газиантеп" жеңісінің арқасында 35 ұпай жинап, 8-орынға көтерілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір