Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Драма, эмоция, айқас! "Реал" пенальти сериясында "Атлетиконы" тізе бүктірді! (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
13.03.2025, 04:44

Корольдік клуб ширек финалда енді "Арсеналмен" шеберлік байқасады. 

Драма, эмоция, айқас! "Реал" пенальти сериясында "Атлетиконы" тізе бүктірді! (ВИДЕО)
fondoruso.ru

2024/25 жылғы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчы аяқталды. Мадридтік дербиде "Атлетико" мен "Реал" кездесті.

Матч қалай өтті?

Кездесу Мадридтегі "Рияд Эйр Метрополитано" стадионында өтті. Ойынның бас төрешісі – Шимон Марциняк (Польша).

Негізгі уақыт 1:0 есебімен "Атлетиконың" пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 1-минутта Конор Галлахер соқты. Қосымша уақытта есеп өзгермей, ойын пенальти сериясына ұласты.

Пенальти сериясы және "Реалдың" жеңісі

Қарсыластар төрт соққыдан дәл бағыттағанымен, "Атлетикода" Хулиан Альварестің қосарланған жанасуы ережеге қайшы болып, соққы есепке алынбады. Ал "Реалдың" капитаны Лукас Васкес өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Нәтижесінде, "Реал" пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңіске жетіп, жарысты одан әрі жалғастыратын болды. 

Бірінші матчтың қорытындысы

Бұған дейін "Сантьяго Бернабеуде" өткен кездесуде "Реал" 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Гол авторлары:

  • "Реал": Родриго Гоэс, Браим Диас

  • "Атлетико": Хулиан Альварес

Келесі қарсылас – "Арсенал"

Чемпиондар лигасының ширек финалында "Реал" лондондық "Арсеналмен" кездеседі. Англиялық клуб екі матчтың қорытындысы бойынша "ПСВ Эйндховенді" 9:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір