
Алдағы демалыс күндері яғни наурыздың 22-сінен 23-іне қараған түні Әли Әлиев шәкірттері 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Уэльске қарсы алғашқы матчын өткізеді.
Қазақстан ұлттық құрамасы Уэльсті жеңген жағдайда ойыншыларға қанша сыйақы беріледі? Алдағы демалыс күндері яғни наурыздың 22-сінен 23-іне қараған түні Әли Әлиев шәкірттері 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Уэльске қарсы алғашқы матчын өткізеді. Ал 25-сінен 26-сына қараған түні Лихтенштейнмен кездеседі.
Егер осы ойындарда футболшыларымыз жеңіске жеткен жағдайда қанша табысқа кенеледі? Қазақстан футбол федерациясы сыйақы мәселесіне қатысты қандай да бір ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ойыншыларға берілетін сыйақы мөлшері туралы да нақты ақпарат жоқ.
Қазақстан құрамасының маңызды жеңістері үшін ойыншыларға қомақты сыйақы тағайындалған жағдайлар болды. Мәселен, 2024 жылы Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры және Қазақстан футбол федерациясының атқару комитетінің мүшесі болған Тимур Турлов Грекияны жеңгені үшін құрамаға 100 миллион теңге сыйақы беруге уәде еткен болатын.
Өз кезегінде Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген осыдан бірнеше жыл бұрын «ДНК футбола» YouTube арнасына берген сұхбатында ұлттық командадағы қаржылық сыйақылар туралы айтып берген болатын. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
— Құрамада қандай да бір сыйақылар немесе жалақы бар ма?
— Құрамада премия бар. Ал биылдан бастап шақырту үшін де сыйақы беріле бастады. Осыны ерекше атап өтуге болады. Жай ғана шақырту үшін беріледі.