Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әйгілі Фалькао "Елімайды" айыптады

Сарапшы, спорт журналисі
21.03.2025, 14:31

Бразилия құрамасының аңызы ҚПЛ клубын алаяқтар деп айыптады.

urbanpitch.com
urbanpitch.com

Футзалдан әлемнің төрт дүркін үздік ойыншысы атанған Бразилия құрамасының аңызы Фалькао қазақстандық “Елімай” футбол клубына қатысты даулы мәлімдеме жасады. Ол Instagram парақшасында клубтың өз ұлы Энцо Мендеске әділетсіздік жасағанын жазды.

“Бұл — жалған! Барлық келіссөзді мен жүргіздім! Клубтың құрылымы жақсы, жанкүйерлері де, ойыншылары да мықты. Бірақ басшылық — сабырсыз әрі сенімсіз! Олар уәделерінің ешқайсысын орындаған жоқ! 70 күн бойы ұлымды алдады! Барлық дәлел менде бар! Мұны жақын арада баспасөзге беремін!” — деп жазды Фалькао “Елімай” клубының ресми парақшасындағы жаңалық астындағы пікірінде.

Еске салайық, бұған дейін Елімай” ресми түрде хабарлағандай, Энцо Мендес командамен бірге қысқы оқу-жаттығу жиынында болған. Бірақ клуб бапкерлерінің бақылауынан кейін оған келісімшарт ұсынылмаған. Осылайша ойыншының семейлік клубтағы мансабы ресми түрде аяқталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір