Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Магомед Адиев: "Құрама әлі күшейген жоқ"

Редактор Penalty.kz
24.03.2025, 14:33

2026 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчынан кейін Қазақстан құрамасының ойынына қатысты пікірлер көптеп айтылуда. Басты сыншылардың бірі – құраманың бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев.

sportbox.ru
sportbox.ru

Магомед Адиев Әли Әлиев баптайтын қазіргі ұжым Уэльске қарсы кездесуде ұпай алуға толық мүмкіндігі болғанын айтты. 

– Кеше Қазақстан құрамасы тең есепке жете ала ма еді?

– Мен тіпті екінші тайм емес, бірінші таймдағы ойынды ерекше атап өтемін. Қорғаныста жақсы жұмыс істелді. Екінші таймда біраз нашарлау көрінді. Бірақ ұпай алуға мүмкіндік болды деп есептеймін. Уэльс қандай да бір шешілмейтін тактикалық қиындықтар туғызған жоқ. Қазақстан қарсы тұра алды. Бірақ кейбір сәттер кері әсерін тигізді.

– Қазіргі құрамда ең көзге түсер шабуылшы кім?

– Қазақстан құрамасы шабуылда Чесноков пен Самородовқа сенуі керек. Бұл екеуі — қазір ең жарқын вингерлер. Олар нәтиже бере алатын ойыншылар.

– Әлиев келгеннен кейін құрама күшейді ме?

– Нәтижелерге қарасақ, бәлкім, айтарлықтай ілгерілеу байқалмайды. Құрама әлі де өтпелі кезеңде. Әлиев өз стилін енгізіп, жаңа ойыншыларға сенім артып жатыр. Бұл – әрбір жаңа бапкердің қалыпты процесі.

– Қарымта матчта Уэльске қиындық туа ма?

– Қазақстан құрамасының келесі бір-екі ойынын күту керек. Сонда нақты баға беруге болады. Бірақ оңай болмайтыны анық. Кешегі матч көрсеткендей, Қазақстан ұпай алуға қауқарлы. Өз алаңында бұл мүмкіндікті пайдалануы тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір