Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Софья Самоделкина Бостондағы дебютін сәтті бастады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
27.03.2025, 08:40

6 жыл үзілістен кейін – Қазақстан мәнерлеп сырғанауға қайта оралды. 

NUR.KZ
NUR.KZ

АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Бүгін әйелдер арасында қысқа бағдарлама сайысы өтті. Арасында Қазақстан өкілі де бар.

Қазақстан құрамасы байрақты бәсекеге 6 жылдан кейін қайта оралды

Софья Самоделкина — Қазақстан әйелдер құрамасының 6 жылдық үзілісінен кейін әлем чемпионатына қатысып отырған алғашқы өкілі. 18 жастағы спортшы жаһандық деңгейдегі алғашқы турнирінде сенімді өнер көрсетті.

Қысқа бағдарлама нәтижелері (33 қатысушы):

  • Алиса Лью — 74.58 ұпай (1-орын)
  • Монэ Тиба — 73.44 (2-орын)
  • Изабо Левито — 73.33 (3-орын)
  • Софья Самоделкина — 63.58 ұпай (13-орын)

Еркін бағдарламаға өту ережесі:

Қысқа бағдарламаның нәтижесі бойынша тек үздік 24 спортшы келесі кезеңге – еркін бағдарламаға өтеді. Бұл кезеңде Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады.

Айта кетейік, Қазақстан атынан әйелдер арасындағы соңғы ірі жетістік 2019 жылы тіркелді. Ол кезде Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз ресейлік Олимпиада чемпионы Алина Загитоваға ғана жол берген болатын.

Келесі кезең:

Еркін бағдарлама сайысы Астана уақытымен 29 наурыз, таңғы 04:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір