Асхат Тағыберген "Ордабасыдан" кеткенін растады

Сарапшы, спорт журналисі

Асхат Тағыберген шымкенттік клубпен келісімшартты үзді. 

Асхат Тағыберген "Ордабасыдан" кеткенін растады
goal.kz

Негізі Асхаттың келісімшарт мерзімінің аяқталуына 10 ай қалған болатын. Бірақ өтемақыны толық етпеген. Ең аз сомаға келіскен. КЕҢЕСШІ Телеграм-арнасы осылай жазады. 

Жалпы Тағыбергенге үш клуб құда түсіп отыр. Олар "Тобыл", "Тұран" және "Қайсар". Бірақ әзірге ешқайсысы нақты ұсыныс жасамаған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент әкімі Асхат Тағыбергеннің жоғары жалақысына қатысты өз наразылығын білдірген. Ол жартылай қорғаушының клубтағы ойынына сай келмейтін табыс алып отырғанын сынға алған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір