Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Келесі бапкер Нидерланды азаматы»: Ермұхамед Мәуленнен күтпеген инсайд (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
31.03.2025, 11:30

Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен ұлттық құраманың жаңа бапкері туралы мәліметпен бөлісті

Бірінші Бол ютуб арнасы / фото: Ермұхамед Мәулен
Бірінші Бол ютуб арнасы / фото: Ермұхамед Мәулен

Оның сөзінше, құрама тізгінін енді Нидерланды азаматы ұстауы мүмкін.

«Қазақстан құрама командасының келесі бапкері Нидерланды азаматы болатын сияқты», – деді Ермұхамед Мәулен «Бірінші Бол» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Ресми ақпарат әлі жарияланбағанымен, бұл инсайд жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. 

Голландиялық футбол мектептері бүкіл әлемге тактикалық жаңашылдығымен танымал. Егер Мәуленнің ақпары рас болса, бұл ұлттық құраманың ойын мәнеріне де, дамуына да елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін.

Айта кетейік, жақында Қазақстан футбол федерациясы футболдан ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқарушы ретінде отандық маман Әли Әлиевті тағайындады. Ол бұрын жастар құрамалары мен қазақстандық клубтарда жұмыс істеген тәжірибелі бапкер.

Жанкүйерлер енді федерацияның ресми шешімін күтіп отыр. Голландиялық маман келеді ме, әлде Әли Әлиевке тұрақты сенім артыла ма – бұл алдағы апталарда белгілі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір