
Бірі хип-хоптың қарқынды ырғақтарын жақсы көрсе, енді бірі рок, классика немесе электронды әуендерге әуес екен.
Футболшылардың музыкаға деген талғамы олардың ойын мәнері сияқты – әрқайсысынікі өзіне тән, ерекше. Бірі хип-хоптың қарқынды ырғақтарын тыңдаса, енді бірі рок, классика немесе электронды әуендерге әуес. Ал ол футболшылардың көңіл-күйіне, мотивациясына, тіпті матч алдындағы дайындық деңгейіне де әсер етеді.
Португалиялық супержұлдыздың плейлистінен Фил Коллинз, Джордж Майкл және Элтон Джонның әуендерін кездестіруге болады.
Сондай-ақ Роналду Алиша Киздің нәзік романтикалық әндеріне және бразилиялық музыкаға ерекше құрметпен қарайды.
Футбол мен PlayStation секілді, Месси музыка да өте қатты әуес. Аргентиналық шабуылшы рэп пен трэп жанрларын сүйіп тыңдайды. Оның сүйікті орындаушылары қатарында – Wos және Paulo Londra. Сонымен қатар Месси Los Cafres және Dread Mar I сынды аргентиналық регги топтарын да тыңдайды.
Spotify-де Неймар өзінің сүйікті 40 әнінен тұратын плейлистін жариялаған болатын. Бұл тізімде самба, поп, R&B және басқа да жанрдағы әндер кездеседі. Плейлисттен Nego do Borel мен Джастин Тимберлейк те табылған.
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд ABBA тобының тыңдарманы. Осыған байланысты Дортмундтағы командаластары арасында ол біраз уақыт күлкіге қалған.
«Ливерпуль» жұлдызы өз сұхбатында египеттік те, шетелдік те әндерді тыңдайтынын айтқан. Нақты бір жанрға байланып қалмаған. Бірақ қыздары Тейлор Свифттің фанаты болғандықтан, Салах та кейде сол әндерді тыңдауға мәжбүр екен.
Саудиялық «Әл-Иттихад» клубының шабуылшысы Тупак Шакурдың шығармашылығына бас иеді. Бірде ол Bugatti көлігінде отырып, 2Pac-тың Check Out Time әнін шырқаған сәтін видеоға түсіріп, желіге жүктеген болатын.
«Реал Мадридтің» жұлдызы Килиан Мбаппе британдық Flowdan атты grime және электронды музыканың культтік өкіліне тәнті. 2023 жылы шыққан Rumble атты трек (Skrillex & Fred Again..) әлемдік чарттарды жарып қана қоймай, Мбаппе мен Маркус Рашфордтың плейлистеріне де енген.