Футбол
Қазақстан чемпионатындағы орталық матч жанжалға ұласты
"Тобыл" мен "Ордабасы" арасындағы матчтың кейінге шегерілуі үлкен дау тудырды. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресми мәлімдеме жасады.
"Астана" аутсайдерге қарсы қара терге түсті (ВИДЕО)
Қазақстан Премьер-Лигасының 9-турында Жезқазғанда "Ұлытау" "Астанамен" кездесті.
УЕФА Хорватия құрамасына қатысты қатаң шара қабылдады
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Хорватия ұлттық құрамасының жанкүйерлерінің тәртіпсіз әрекеттері үшін қатаң жаза қолданды.
Семейде 22 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынады
Семейде заманауи футбол стадионы бой көтермек. Бұл туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің жаңартылған даму жоспарын таныстыру барысында мәлімдеді.
48 миллион еуроға алынған қорғаушы Хаби Алонсоға ұнамады
Мадридтік "Реал" жазғы трансферлік кезеңде француз қорғаушысы Ферлан Мендиді сатуды жоспарлап отыр. Бұл шешім клубтың жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның тактикалық ұстанымына байланысты қабылданды.
"Кристал Пэлас" Англия Кубогының жаңа тарихын жазды (ВИДЕО)
Англия футболының басты аренасы — "Уэмбли" стадионы ерекше тарихи сәтке куә болды. Кубок финалында "Кристал Пэлас" сенсация жасап, "Манчестер Ситиді" жеңіп шықты.
"Ордабасы" Қостанайға ұша алмады
"Тобыл" – "Ордабасы" матчы кейінге қалуы мүмкін.
"Атырау" төрт легионермен қоштасты
Футболдан Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын "Атырау" клубы құрамында ауқымды өзгерістер жасады. Команданың бас менеджері Дидар Сыдықбектің мәліметінше, бірден төрт шетелдік ойыншымен келісімшарт үзілді.
Шымкентте жаңа стадион салына ма, әлде жоба қайта қаралып жатыр ма? (ВИДЕО)
Шымкенттегі жаңа футбол стадионын салу туралы бастама тағы да күмән туғызды. Instagram желісіндегі Goal.kz парақшасы жариялаған бос алаңның видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.
Танымал футболшы "Қайратпен" болған матчтан кейін түрмеге қамалуы мүмкін!
Украина құрамасының бұрынғы капитаны Анатолий Тимощукке елінде Ресейге жәрдем көрсетті деген айып тағылды.
Мессиді шаң қаптырды! Роналду жылдық табыс бойынша рекорд орнатты
Forbes журналының нұсқасы бойынша, ол 2024 жылы ең көп табыс тапқан спортшы.
Қазақстан құрамасы мен "Тобылдың" ойыншысына Еуропадан қызығушылық бар
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков алдағы жазда шетелдік клубқа ауысуы ықтимал. Қазір оны Шотландияның "Хартс" командасы өз қатарына қосуды көздейді.
"Реал" Бундеслига жұлдызы үшін күреседі
"Реал Мадрид" Флориан Вирцті өз қатарына қосуды жоспарлап отыр.
Сәтпаев пен Ямаль әлемдік топ-рейтингте көшбастады
Еуропа лигаларында 17 жасқа дейінгі үздік шабуылшылардың жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл тізімді футбол әлеміндегі беделді Transfermarkt порталы ұсынды. Қазақстандық талант Дастан Сәтпаев үздік үштіктен көрінді.
"Қайсардың" трансферлік жоспары: Бақтияр Артаев жанкүйерлерге уәде берді
Қызылорданың "Қайсары" биылғы маусымда жанкүйерлер үмітін ақтай алмауда. Бұл жағдай клубтың басшылық құрамын батыл қадамдар жасауға итермеледі.
Қазақстандағы ең қымбат футболшы аталды
Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат ойыншы анықталды. Бірінші орында – белоруссиялық жартылай қорғаушы, ал отандық футболшылар арасында "Ақтөбе" клубының орталық қорғаушысы көш бастады.
Қазақстандық миллиардер иелік ететін ағылшындық клубтың тағдыры белгілі болды
"Уиком" плей-оффтың жартылай финалындағы қарымта матчта сырт алаңда "Чарльтон Атлетик" командасынан 0:1 есебімен жеңілді. Ойын тағдырын 81-минутта Мэтт Годден соққан гол шешті. Екі команда арасындағы алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталғандықтан бұл жалғыз гол лондондық ұжымды финалға шығарды.
"Астана" жаңа заңнан кейін "Баварияның" жолымен жүргісі келеді
"Астана" ФК неміс тәжірибесіне көз тастайды.
Аргентина құрамасы Мессиге қатысты шешім шығарды
Аргентина ұлттық құрамасы маусым айындағы әлем чемпионатына іріктеу ойындарына арналған уақытша құрамын жариялады. Жанкүйерлер үшін басты жаңалық — Лионель Мессидің құрамға қайта қосылуы.
"Астана" футболшылары бойкот жариялады
Бүгін елордалық "Астана" футболшылары жаттығуға қатысудан бас тартты.