Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Танымал футболшы "Қайратпен" болған матчтан кейін түрмеге қамалуы мүмкін!

Редактор Penalty.kz
17.05.2025, 16:35

Украина құрамасының бұрынғы капитаны Анатолий Тимощукке елінде Ресейге жәрдем көрсетті деген айып тағылды. 

metaratings.ru
metaratings.ru

«Қайрат» пен «Зенит» арасындағы 2024 жылғы жолдастық матчтан кейін бұрынғы футболшы Анатолий Тимощук Украинада қылмыстық қудалауға ұшырады. Vesti.kz мәліметінше, Ресейге көмектесті деген күдікпен оған қатысты іс қозғалған.

Матчтан кейінгі шу: Украина тарапы не дейді?

Украина Бас прокуратурасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Тимощук Ресей Федерациясына көмек көрсетті деген бап бойынша айыпталып отыр.

Тергеу нұсқасы бойынша:

  • Тимощук «Қайрат» пен «Зенит» арасындағы жолдастық матчқа қатысқан

  • Ойыннан кейін футболшылар қол қойған жейделер аукцион арқылы сатылған

  • Тимощуктің өзі қол қойған жейде 700 мың рубльге (4,2 млн теңге) сатылған

  • Украина тарабы бұл қаржы Ресей армиясына жіберілді деп отыр

12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы бойынша, егер тағылған айып сотта дәлелдесе, Анатолий Тимощук 12 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Айта кетейік, 2022 жылы Украина үкіметі Тимощукті барлық мемлекеттік наградаларынан және жаттықтырушы лицензияларынан айырған болатын.

Алматыдағы матч және даулы жағдай

2024 жылдың қыркүйегінде Алматыда өткен «Қайрат» – «Зенит» жолдастық ойынында (3:4) петерборлық команда Ленинград қоршауындағы құрбандарды еске алу күніне арналған жейделермен шыққан. «Зенит» баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналған қаржы Курск облысындағы зардап шеккен тұрғындарға жіберілген.

Тимощук — «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы

  • Жасы: 46

  • «Қайрат» сапында: 2015–2016 жылдары

  • Статистика: 50 матч, 1 гол, 2 нәтижелі пас

  • Қазір: «Зенит» клубының бас бапкерінің көмекшісі (2017 жылдан бері)

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір