Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тоқаев "Барыс" дауына араласты: балалар хоккейі құтқарылды

Редактор Penalty.kz
12.04.2025, 07:35

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі даулы жағдайға араласып, "Барыс" хоккей клубының жасөспірімдер командасын Ресей чемпионатына қатысуына ықпал етті.

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың мәлімдеуінше, Президент ата-аналар үндеуіне бейжай қарамаған.

"Барыс" хоккей клубының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (ДЮСШ) тәрбиеленіп жатқан спортшылардың ата-аналары Президентке арнайы хат жолдаған. Олар жас хоккейшілердің болашағына алаңдаушылық білдіріп, клубтағы қаржылық және ұйымдастырушылық дағдарысқа қазіргі басшылықтың әрекетсіздігін себеп ретінде көрсеткен.

Желдібайдың айтуынша, Президенттің тапсырмасы бойынша "Барыс" БЖСМ тәрбиеленушілері 2025/26 маусымында Ресей чемпионатына қатысатын болды. Бұл шешім балалар хоккейінің үздіксіз дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік деңгейдегі араласудан кейін клубтың отандық және шетелдік ойыншылар, жаттықтырушылар мен серіктес ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелері қайта қаралып, бюджеттік шығындарды оңтайландыру арқылы шешімін тапты.

Сонымен қатар қаржылық жағдайдың ушығуына себеп болған жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қолданылғаны белгілі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір