Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында екі шабуылшымен қоштасты

Редактор Penalty.kz
05.05.2025, 05:20

Хоккейден Қазақстан құрамасы алдағы әлем чемпионатына дайындық барысында соңғы шешімдерін жария етті. Шабуылшылар Денис Чапоров пен Руслан Оспанов турнирге қатысатын негізгі құрамнан тыс қалды. 

olympic.kz
olympic.kz

Қос хоккейші сәуір айының соңында өткен Qazaqstan Hockey Open турниріне қатысқан. Бірақ Данияда өтетін әлемдік додаға олар шақырту алмады.

Хоккейден әлем чемпионаты 9–25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы өз ойындарын Хернинг қаласында (Дания) өткізеді. Турнирдің топтық кезеңінде хоккейшілеріміз мынадай мықты қарсыластармен шеберлік байқасады:

  • Норвегия
  • Германия
  • Венгрия
  • Дания
  • Чехия
  • АҚШ
  • Швейцария

Чемпионат басталғанға дейін құрамада әлі де өзгерістер болуы мүмкін. Дегенмен қазір жаттықтырушылар штабы ойыншылардың физикалық дайындығын, тәжірибесін және командалық үйлесімділігін назарға алып шешім қабылдап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір