"Барыс" жаңа ҚХЛ маусымына дайын (ВИДЕО)
"Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы қарсаңында ресми ақпарат таратты. Команда құрамындағы ойыншылар жаттығу жиындарын бастап кетті.
фото ашық дереккөздерден алынды
Ойыншылар медициналық тексеруден өтті
Клубтың мәліметінше, екіжақты және сынақтық келісімшартқа отырған хоккейшілер толық медициналық тексерістен өтті.
Одан кейін олар оқу-жаттығу жиынына кірісті. Бұл кезең маусым алдындағы дайындықтың маңызды бөлігі саналады.
Тренинг барысынан бейнематериал клубтың ресми YouTube арнасында жарияланды.
“Барыс” пен ҚХЛ ынтымақтастығы жалғасады
Өткен аптада Мәскеуде ҚХЛ басшылығы мен “Барыс” клубының өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Келіссөз барысында:
- “Барыстың” ҚХЛ-дегі позициясын нығайту
- “Снежные Барсы”жастар құрамасының ЖХЛ чемпионатына қатысуы
- 3х3 форматындағы КХЛ чемпионатындағы команда қатысуы
сияқты мәселелер талқыланды. Екі тарап та өзара серіктестікті жалғастыруға мүдделі екенін нақты жеткізді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet