"Барыс" NHL-да ойнаған легионермен толықты

Сарапшы, спорт журналисі

Елордалық хоккей клубы тағы бір шетелдік ойыншымен толықты. Командаға америкалық шабуылшы Мэйсон Морелли қосылды.

"Барыс" NHL-да ойнаған легионермен толықты
sportilinet.kz

Келісімшарт шарттары

Морелли клубпен бір жақты келісімшартқа қол қойды. Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін, яғни бір маусымға есептелген. Бұл хоккейші үшін Солтүстік Америкадан тыс жердегі алғашқы тәжірибесі болмақ.

Жетістіктері мен мансап жолы

2023 жылы Морелли AHL-дың “Херши Беарс” командасымен бірге Калдер кубогын жеңіп алған. Соңғы екі маусымды ол “Вегас Голден Найтс” жүйесінде өткізді.

Өткен маусымда америкалық хоккейші AHL-дағы “Хендерсон Сильвер Найтс” сапында 48 матч өткізіп, 19 (13+6) ұпай жинады. Ал NHL-де соңғы екі жылда 10 ойынға қатысып, 3 гол және бір нәтижелі пас авторы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір