«Барыс» — «Динамо» матчы төбелес және дубльмен есте қалды
Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың (Құрлықтық хоккей лигасы) тұрақты чемпионаты аясында Минскінің «Динамосын» қабылдады. Бұл кездесу жанкүйерлерге күтпеген эмоциялар сыйлады.
Астанадағы тартысты ойын
Бірінші кезеңде қонақтар басым түсті. Есепті Лимож ашты (0:1). Екінші жиырмаминуттықта мұз айдынында жанжал туындап, төбелес болды. Дегенмен дәл осы сәттен кейін Майкл Веккьоне «Барыстың» есепті теңестіруіне мүмкіндік берді .
Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады. Араға бір минут салмай-ақ Лимож дубль жасап, «Динамоны» қайта алға шығарды. Ал кезең соңында Энэс қонақтардың басымдығын арттырып, есепті 1:3-ке жеткізді. Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ.
Келесі қарсылас
15 қыркүйекте «Барыс» Мәскеудің «Динамосын» қабылдайды.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Динамо» (Минск, Беларусь) 1:3 (0:1, 1:2, 0:0)
Шайбалар:
- 0:1 — 05:11 Лимож (Уэлле, Энэс)
- 1:1 — 33:32 Веккьоне (Морелли, Галимов)
- 1:2 — 34:32 Лимож (Пинчук)
- 1:3 — 39:51 Энэс (Уэлле, Фукале)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet