Қазақ хоккейшісі Канада лигасында өз командасына жеңіс сыйлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Мұхиттың арғы жағындағы Канада жоғарғы лигасында қазақстандық 18 жастағы Әлішер Сәркенов өнер көрсетуде.

WHL тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті матчта "Принс-Альберт Рейдерз" "Свифт Керрент Бронкос" командасын 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Ойын барысында "Рейдерздің" қазақстандық шабуылшысы Әлішер Сәркенов нәтижелі өнер көрсетіп, 2 (1+1) ұпай жинады. Ол екінші кезеңнің басында есеп ашып, командасын алға шығарған еді. Кейін бұл шайба кездесудегі жеңіс голы ретінде тіркелді. Сонымен қатар жерлесіміз бір нәтижелі пасымен де көзге түсті.

Айта кетейік, 18 жастағы хоккейші биылғы маусымда жалпы 23 матч өткізіп, 23 (12+11) ұпай еншіледі. Оның бұл көрсеткіші шабуыл шебіндегі тұрақты нәтижелілігін аңғартып, командасының жеңісті сериясына айтарлықтай үлес қосып отырғанын білдіреді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір