"Барыс" кезекті камбэк тіркеді
"Барыс" ҚХЛ 2025/26 маусымының тұрақты чемпионатындағы кезекті ойынын өз алаңында өткізіп, череповецтік "Северстальдан" 2:3 (ОТ) есебімен жеңілді.
Кездесудің бірінші кезеңінде қонақтар минималды басымдыққа қол жеткізді. Екінші периодта есеп өзгермей қалды. Ал үшінші кезеңде "Барыс" ойын тағдырын қайта қолына алуға жақын болды. 0:2 есебінен қайтып, қысқа уақыт ішінде таразы басын теңестірді.
Астаналықтардың құрамында Всеволод Логвин мен Мэйсон Морелли мергендік танытты. Дегенмен матч овертаймға ұласып, қосымша уақытта "Северсталь" жеңіс голын соғып кетті.
"Барыс" (Астана) — "Северсталь" (Череповец) 2:3 ОТ (0:1, 0:0, 2:1, 0:1)
Шайбалар:
0:1 — 08:45 Аймурзин (Скоренов, Ильин) — көпшілікте
0:2 — 43:40 Танков (Калдис, Чефанов) — тең құрамда
1:2 — 52:13 Логвин (Әсетов) — тең құрамда
2:2 — 52:34 Морелли (Симонов) — тең құрамда
2:3 — 61:05 Аймурзин (Ильин) — тең құрамда
"Барыс" 28 ақпанда Мәскеуде "Спартакпен" кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet