ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

20 жастағы қазақстандық хоккейші еуропалық клубқа жеңіс сыйлады

Қазақстандық шабуылшы Александр Ким Финляндия чемпионатында алғашқы шайбасын соғып, "Эссят" командасының жеңісіне үлес қосты.

20 жастағы қазақстандық хоккейші еуропалық клубқа жеңіс сыйлады
Shaiba.kz

Финляндия лигасының кезекті турында "Эссят" Хельсинка клубы "Йокеритпен" кездесіп, қарсыласын 3:2 есебімен жеңді.

Ойын барысында Александр Ким қақпаға дәл соққы жасап, "Эссяттың" есеп ашуына көмектесті. Бұл 20 жастағы қазақстандық хоккейші үшін Финляндия чемпионатының тұрақты маусымындағы алғашқы шайба болды.

Сонымен қатар бұл гол Кимнің жаңа маусымдағы нәтижелі көрсеткіштерінің есебін ашты.

Өткен маусымда үздік сұрмерген атанды

Александр Ким өткен маусымда Финляндияның жастар чемпионатында жоғары нәтижесімен көзге түсті. Ол тұрақты чемпионатта 39 матч өткізіп, 59 ұпай (29 гол + 30 нәтижелі пас) жинады.

Плей-офф кезеңінде қазақстандық шабуылшы бес кездесуге қатысып, 6 ұпай (2+4) еншіледі. Ким командасының ең нәтижелі ойыншысы атанғанымен, ұжым ширек финалда жарыс жолынан шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.