ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

"Барыс" жеті минутта үш шайба жіберіп алды

Астаналықтар Құрлықтық хоккей лигасының 2026/27 маусымындағы кезекті сырт алаңдағы матчында Магнитогорскінің "Металлургіне" 0:3 есебімен жол берді.

"Барыс" жеті минутта үш шайба жіберіп алды
hcbarys.kz

"Барыс" жеті минутта үш шайба жіберді

Матчтың алғашқы кезеңі елордалық клуб үшін сәтсіз басталды. Қысқа уақыт аралығында "Металлург" қарқынын күшейтіп, небәрі жеті минут ішінде үш рет шайба соқты.

"Барыс" қақпасын бастапқыда Хантер Шепард қорғаған. Үшінші шайбадан кейін бапкерлер штабы қақпашыны ауыстырып, оның орнына Андрей Шутовты шығарды.

Шутов шыққаннан кейін есеп өзгермеді

Екінші кезеңде "Барыс" қорғаныста сенімдірек ойнап, қарсыласына есепті ұлғайтуға мүмкіндік бермеді. Бірақ астаналық хоккейшілер де "Металлург" қақпасын бұза алмады.

Үшінші кезеңде де таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Нәтижесінде магнитогорскілік клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті.

"Барыс" келесі кездесуін 20 қыркүйекте өткізеді. Михаил Кравецтың ұжымы Ярославльде "Локомотивпен" кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?