Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" камбэк жасауға тырысқанымен "Салават Юлаевтан" жеңілді

Астаналық "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионатында Уфаның "Салават Юлаевынан" жеңіліп қалды.

"Барыс" камбэк жасауға тырысқанымен "Салават Юлаевтан" жеңілді
hcbarys.kz

"Барыс" алғашқы кезеңде үш шайба жіберіп алды

Уфада өткен кездесуде Михаил Кравец жаттықтыратын "Барыс" матчтың басынан-ақ қиын жағдайға тап болды. Мұзайдын иелері небәрі 49-секундта есеп ашты. Вадим Шипачёв Ярослав Цулыгин мен Михаил Кузнецовтың нәтижелі пастарын голға айналдырды.

Бесінші минутта Дмитрий Броссо сан басымдығын пайдаланып, уфалықтардың артықшылығын арттырды. Кейін Даниил Алалыкин де мергендік танытты.

Ал "Барыс" сапынан алғашқы кезеңде Александр Шайхмедденов көзге түсті. Оған Иан Маккошен мен Артём Әсетов нәтижелі пас берді.

Үшінші кезеңде есеп айырмасын қысқартты

Кездесудің шешуші бөлігінде "Салават Юлаев" сапынан Владислав Ефремов гол соғып, командасының басымдығын нығайтты.

Бірақ астаналық хоккейшілер берілмеді. Алдымен америкалық легионер Джастин Бэйли қарсылас қақпасын дәл көздеді. Артынша оның отандасы Мэйсон Морелли тағы бір шайба соғып, есеп айырмасын бір голға дейін қысқартты.

Дегенмен "Барыстың" камбэк жасау әрекеті нәтижесіз аяқталды. Артём Горшков бесінші шайбаны соғып, матч тағдырын шешті.

"Барыс" ҚХЛ турнирлік кестесінде нешінші орында?

Осы кездесуден кейін астаналық клуб 29 ұпаймен ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.

Ал "Салават Юлаев" қазақстандық командадан бір ұпайға қалып, келесі сатыға жайғасқан. Елордалықтар 20 қарашада Омбыда "Авангардқа" қарсы ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?