ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Алматыда алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты ұйымдастырылады

Жарыстар 6-9 қараша аралығында Halyk Arena спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Penalty.kz.

Алматыда алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты ұйымдастырылады
Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Турнир 6 қарашада Алматыда басталады.

Жарыстар 6-9 қараша аралығында көпфункционалды Halyk Arena спорт кешенінде өтеді.

Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады.

Турнир матчтарының кестесі:

  • 6 қараша 2024 жыл, 16:00 – Жапония – Қытай
  • 6 қараша 2024 жыл, 19:30 – Корея – Қазақстан
  • 8 қараша 2024 жыл, 16:00 – Жапония – Корея
  • 8 қараша 2024 жыл, 19:30 – Қазақстан – Қытай
  • 9 қараша 2024 жыл, 16:00 – Қытай – Корея
  • 9 қараша 2024 жыл, 19:30 – Қазақстан – Жапония

Матч билеттерін 1 мыңнан 3 мың теңгеге дейін сатып алуға болады.

Айта кету керек, алдағы турнирлер 2025 жылы өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары болмақ. Азиада Қытайдың Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.